«Ғибрат» бағдарламасы
«Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС өндірістік объектісінде дуальды оқыту
«QazaqGaz» барлау және өндіру ЖШС оқу жылының басынан бастап «Qazaqgaz барлау және өндіру»ЖШС кен орындарында Жамбыл облысының жоғары оқу орындарының студенттері үшін дуальды оқыту шеңберінде өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы ұйымдастыруды және өткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта компания «Ғибрат» бағдарламасын іске қосады.
Бағдарламаның мақсаты: мұнай-газ саласы үшін кәсіби кадрларды даярлау, студенттердің оқу орындарында Теориялық оқыту процесінде өндірістік дағдыларды игеруі.
«Ғибрат» бағдарламасына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының 3 және 4 курстарында оқитын және үлгерімінің орташа балы (GPA) төрт балдық бағалау шкаласы бойынша кемінде 2,33 балл болатын студенттер қатыса алады.
« Ғибрат» бағдарламасы тағылымдамадан өтушілерді кәсіби дағдыларға үйретеді және алған білімдерін іс жүзінде қолдана алатындай нақты жобаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.