Компания туралы
Амангелді кен орны 1975 жылы ашылды және Қазақстан Республикасының Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында, Тараз қаласынан 170 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнының пайдалануы 2003 жылдың 23 қазанында басталды.
«Амангелді Газ» ЖАҚ 2003 жылдың тамызында құрылды. 2003 жылдың 15 тамызындағы «КазТрансГаз» АҚ-мен «Операторды тарту туралы келісімі» шарттарына сәйкес «Амангелді Газ» ЖАҚ келісімшарттық аумағында, соның ішінде «Амангелді» газконденсатты кен орнын пайдалану және объектке техникалық қызмет көрсету бойынша Операторы болып есептеледі. 2005 жылдың 25 тамызында «Амангелді Газ» ЖАҚ «Амангелді Газ» ЖШС өзгертілді және оның барлық құқығы мен міндетінің мұрагері болып табылады. 2012 жылдың 2 шілдесінен бастап «Амангелді Газ» ЖШС келісімшарттық аумағында жер қойнауының пайдаланушысы болып саналады.
Вахтадағы өмір
Амангелді кен орнында вахталық қызметкерлерге жемісті жұмыс атқаруға және толыққанды демалу үшін барлық жағдай жасалған. Вахталық кентте тұрғын бокс, асхана, медициналық пункті, кір жуатын бөлме, қоймалар, мәдениет-спорт кешені, арнайы техникалар үшін жылы бокс, қазандық және басқа объекттер орналасқан. Электр жабдықтандыру ЖЭС-тен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар автономдық қуат көзі бар. Жылумен жабдықтау меншікті табиғи газбен жұмыс істейтің қазандықтан жүзеге асырылады.