«QazagGaz барлау және өндіру» ЖШС-ндегі тәуекелдерді басқару
«Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС тәуекелдерді басқару бірқатар стратегиялық, тактикалық, жобалық және жедел-өндірістік іс-шараларды қамтиды. Осындай жүйелік және мақсатты тәсілдер Серіктестікте жоғары басқарушылық функционалдылықты қамтамасыз етеді.
«Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС-ндегі тәуекелдерді басқару – қызмет нәтижелеріне әсер ететін жағымсыз факторлардың туындау ықтималдығы мен салдарының ауырлығын бағалау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ осы факторларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу.
«Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС – де тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (бұдан әрі-ТБКЖ) ұйымдастырылып, жұмыс істеп келеді. «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС – де (бұдан әрі-ҚБӨ) ТБКЖ жұмыс істеу процесі Серіктестіктің бизнес-процестеріне интеграцияланған ТБКЖ-нің өзара байланысты жеті процесі арқылы іске асырылады:
1) мақсат қою;
2) тәуекелдерді/тәуекел факторларын сәйкестендіру;
3) тәуекелдерді/тәуекел факторларын бағалау және талдау;
4) тәуекелдерді басқару;
5) мониторинг және есептілік;
6) Ақпарат және коммуникация;
7) ішкі орта.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің мақсаттары:
1) ҚБӨ құнының өсуі, оның табыстылығы мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу;
2) Өндірістік/Өндірістік емес тәуекелдерді басқару үшін ҚБӨ пайдаланатын негізгі құралдарды, рәсімдерді айқындау;
3) Өндірістік/Өндірістік емес тәуекелдерді басқару саласындағы мақсаттар иелерінің, тәуекел иелерінің және тәуекел факторларының иелерінің жауапкершілік аймақтарын айқындау;
4) тәуекелдерді басқару процесін қамтамасыз ететін ішкі құжаттарды айқындау.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің міндеттері:
1) ҚБӨ Бизнес-жоспарына сәйкес ҚБӨ тәуекел-тәбет деңгейін айқындау;
2) туындайтын тәуекелдерге/тәуекел факторларына ден қою бойынша шешімдер қабылдау процесін жетілдіру;
3) капиталды ұтымды пайдалану;
4) стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге қауіп төндіретін қауіпті оқиғалардың туындауының алдын алу;
5) тәуекелдерді басқару процесін бизнесті жүргізудің және ҚБӨ басқарудың негізгі процестеріне интеграциялау;
6) тәуекелдерді басқарудың сызықтық процесін құру және басқарудың барлық деңгейлерінде тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі, жоғарғы деңгейден (ҚБӨ) бастап сызықтық деңгейге (Өндірістік құрылымдық бөлімше) дейін. Бұл тәуекелдерді басқару процесінің маңызды принципін көрсетеді – тәуекелдерді басқару жергілікті жерлерде жақсы жүзеге асырылады және жауапкершіліктің бұлыңғырлануын болдырмайды;
7) мақсаттар иелері, тәуекелдер иелері, тәуекел факторларының иелері тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалауды дербес жүргізіп, тәуекелдерді басқару жөніндегі стандартты әдістерді қолданып және олардың негізінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс – шараларды (бақылау рәсімдерін) әзірлейтін тәуекелдермен жұмыс істеудің жүйесін құру;
8) «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС тәуекелдерді тиімді басқаратыны туралы мүдделі тараптарға ақылға қонымды кепілдік беру.