Жаңалықтар

ҚазТрансГаз қызметкері еліміздің үздік инженерлерінің қатарында

28.01.2016

Қазақстанда Ұлттық инженерлік академиясы «2015 жылғы үздік инженер» республикалық конкурсын өткізді. Құзырлы комиссияның қарауына еліміздің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін жетекші отандық инженерлерден 350 жұмыс берілген болатын.

Қорыта келе барлығы  10 үздік жоба, оның ішінде «Интергаз Орталық Азия» компаниясының «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалының қызметкері  Александра Ефремовтің жұмысы іріктелініп алынды.  

Жас, талантты инженер-ғалымның еңбегі «Технологиялық құбыр жолдарының СДЖ диагностикалау әдістерін жетілдіру» тақырыбына арналған. Александр Ефремов ұсынған ғылыми әдістер  құбыр жолдарындағы, оның ішінде магистральдық құбырлардағы жұмыс кернеулерінің деңгейін барынша төмендетуге және оларды пайдалану кезінде қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. «ҚазТрансГаз» АҚ өз қызметкерлерінің кәсіби тұрғыдан өсуіне үлкен көңіл бөліп отыр және ғылыми ізденіспен айналысушыларға бар жағдай жасап, жаңашыл идеяларды өндіріске енгізуді қолдап келеді. Аталған әдіс  «ҚазТрансГаз» АҚ объектілеріндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қазірдің өзінде табысты қолданылуда.

Конкурстық комиссияның шешімімен Александр Ефремовке  Ұлттық инженерлік академиясының  «Жылдың үздік инженері» медалін және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының  «Қазақстанның 2015 жылдың үздік инженері» дипломын табыстай  отырып, «2015 жылғы үздік инженер» құрметті атағы берілді.

Бұл ҚазТрансГаз инженерінің еңбегін екінші рет жоғары бағалау екенін атап өткен жөн.  Былтырғы жылдың көктемінде Санкт-Петербург қаласында отын-энергетикалық және өндіруші саланы дамытуға бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық әзірлемелердің халықаралық конкурсы өтті. Оның ұйымдастырушысы Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі  болды. Сонда Александр Ефремовтің осы жұмысы тағы да конкурстың екінші премиясы лауреаты құрметті дипломына ие болды.    


Соңғы жаңалықтар