Жаңалықтар

«QazaqGaz барлау және өндіру» компаниясы 2024 жылдың үздік маманын таңдады

07.06.2024

Үздік маман-бұл кәсіби дағдыларды дамытуға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге және мұнай-газ секторындағы жұмысшы кәсіптерінің беделін нығайтуға бағытталған жыл сайынғы іс-шара.

Байқауға 17 қызметкер қатысып, өз шеберліктері мен біліктіліктерін көрсетті. Байқау екі кезеңнен тұрды: теориялық бөлім – кәсіби білімге тестілеу және алғашқы медициналық көмек көрсету – және практикалық бөлім. Қазылар алқасына газ саласының ардагерлері шақырылды.

Мұнай және газ өндірудегі басқару тетігінің үздік операторы Бақытжан Алтынбаев, ал химиялық талдаудың үздік зертханашысы болып – Нұрқозы Мархабатова танылды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ жылдық 30% үстемеақы төленді. Бұл іс-шара газ саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге және жұмыстың апатсыз әрі өнімділігін арттыруды қолдауға ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар