Реализация имущества

САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

21.01.2025

QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2025 жылғы 05 ақпанда сағат 10:00-де (Астана қ. уақыты) Серіктестің мүлкін сату бағасын көтерубойынша сату конкурс түрінде электронды сауда өткізілетіндігін хабарлайды, www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында өтеді.

Мүлікті сату Серіктестіктің Байқау кеңесінің 2024 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№17 хаттама) бекітілген «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС-нің мүлікті өткізу Қағидаларына және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2024 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы Регламентке (бұдан әрі – Регламент) сәйкес өтеді.

Сауда-саттыққа келесі мүлік қойылады:

№ р/с Атауы (саны) Орналасқан жері Бастапқы баға, теңге Кепілдік жарна, теңге
1 Құбырлар сорғы-компрессорлық НКТ және ВНКТ (салмағы 38 702 кг.) Жамбыл облысы, Талас ауданы, Амангелді кен орны 3 676 690 551 504
2 Құбырлар сорғы-компрессорлық НКТ және ВНКТ (салмағы 1340 кг.) 127 300 19 095
3 Ысырмалар (салмағы -2904 кг.) 275 880 41 382

Кепілдік жарналар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына төленеді: БСН: 050540004455, БИК: HSBKKZKX, ИИК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, КНП 171, Кбе 16: Кепілдік жарнаның электрондық конкурсына қатысу үшін. (кепілдік жарнаның сомасына және банктік қызметтерге төлем енгізілмейді). Банк кепілдігі кепілдік салым ретінде қабылданбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 3 күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Тізілім веб-порталында сауда-саттықтарға қатысушыларды тіркеу Тізілім веб-порталында хабарламаның жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және сауда-саттықтар басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін Тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

2) заңды тұлғаларға үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы,бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналары қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін / реквизиттерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail);

1) жеке тұлғаларға сату көзделмеген.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін бегілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату – сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Конкурс өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды ресімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ www.e-qazyna.kz сайтындағы Регламенттен танысуға болады немесе 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ) телефондары арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар