Амангелді газда үздік маман анықталды
«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы Амангелді Газ-да кәсіпқой мамандар арасындағы «Үздік маман – 2022» байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл ұлттық компания ұйымдастыратын дәстүрлі шара. Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлікті жетілдіру, сондай-ақ жұмысшы мамандығының беделін көтеру болып табылады. QazaqGaz Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Жақсыбековтың айтуынша, 2022 жыл компаниялар тобында «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды, бұл жұмысшы мамандығын ерекше өзекті етеді және оның беделін көтереді.
«Үздік маман-2022» байқауына 19 маман қатысты. Құзыретті қазылар алқасының пікірі бойынша мұнай және газ өндіру жөніндегі 3-разрядтағы оператор Марат Ақпасов үздік болып танылса, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі 5-разрядтағы слесарь Исаев Берікжан басқалардан оқ бойы озып шықты. Олар қордың компаниялар тобы бойынша ұйымдастырылатын осындай байқауға қатысатынын естеріңізге сала кетейік.
Жеңімпаздар құттықтау дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал бонус ретінде олар жоғары кәсіби шеберлігі үшін тарифтік мөлшерлемеге жылдық үстемақы алады.
Мұнай – газ саласындағы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және өндірістік және еңбек көрсеткіштерін жақсарту – QazaqGaz ұлттық компаниясының басты міндеті.