Ашуев Айдын Жұмабекұлы

1976 жылы Алматы қаласында туған, білімі – жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және несие» ОҒК, «Экономика маманы» мамандығы бойынша бітірді.

Үйленген, бір қызды тәрбиелейді.

Еңбек қызметі 1995-1999 жылдары «Ақжол» ЖШС менеджер қызметінен басталды.

2000-2007 жылдары аралығында мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында әр түрлі лауазымдарға ие болды.

2007 жылғы шілде – 2008 жылғы тамыз аралығында «КазАгро» Ұлттық Холдингі» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің директорының қызметін атқарды.

2008 жылғы тамыз айынан бастап «КазАгроГарант» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарының қызметін атқарды.

2009 жылы ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық қорлар комитетінің «Резерв» РМК Бас директордың орынбасары лауазымына ие болды.

2009 жылғы қараша – 2011 жылғы тамыз аралығында «ҚР Статистика бойынша агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директоры қызметін атқарды.

2011-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына ие болды.

2014 жылғы тамыз–2015 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика бойынша комитеті төрағасының орынбасары лауазымына ие болды.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі – 10.11.2011 ж., «Статистика үздігі» кеуде белгісі – 08.11.2012 ж., «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі – 05.08.2015 ж., «Ерең еңбегі үшін» медалі – 03.12.2015 ж.