«ҚазТрансГаз» АҚ 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысын жария етті.
Жедел деректерге сай, 10 айдағы компанияның шоғырландырылған кірісі 809 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 363,2 млрд теңгеге немесе 81%-ға артық. ҚазТрансГаз компаниялар тобының шоғырландырылған таза пайдасы есепті кезеңде 156,2 млрд. теңгені құрады, ол былтырғы жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 89,9 млрд. теңгеге немесе 135%-ға артық.
Алынған пайда «ҚазТрансГаз» АҚ ішкі нарықтағы газ бағасының қымбаттауын тежеуге және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (2018 жылы ішкі нарықтағы сауда операцияларынан келетін болжамды шығын 46 млрд. теңге) мүмкіндік береді, сонымен қатар, пайда есебінен, ұлттық оператор 560 млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуін жалғастырады.
Есепті кезеңде «ҚазТрансГаз» АҚ 63,4 млрд. теңгеден астам сома көлемінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлеп, еліміздегі ірі салық төлеуші компаниялардың қатарынан көрінді.
10 айдағы газ өткізу көлемі 19,2 млрд. текше метрді құрады. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 6 млрд. текше метрге немесе 46%-ға артық. Бұл ретте, газды экспортқа өткізу өсімі 4,3 млрд. текше метрді құрады, оның ішінде газды Қытай Халық Республикасына экспортқа жеткізу есебінен де өсіп отыр. Бұл ретте, Қытайға 5 млрд. текше метр көлемінде газды экспорттау туралы былтыр жасалған шарт мерзімінен бұрын және толық көлемде орындалды.
Магистральдық тасымалдау көлемі 93,2 млрд. текше метрді құрайды, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 10 млрд. текше метрге немесе 12%-ға артық.
«ҚазТрансГаз» АҚ – газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі, байл. тел: +7(7172) 55 23 16