Жаңалықтар

«ҚазТрансГаз» АҚ-нда коронавирус инфекциясын алдын алу жөніндегі шаралар туралы

17.03.2020

Жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) пандемия деп жариялауына байланысты және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде ТЖ режимін жариялауына қарай ұлттық компания «ҚазМұнайГаз»  АҚ және газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ бірқатар алдын алу шараларын қабылдады.  

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында дағдарыстық жағдайларды басқару және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша штаб құрылды. Бұл орайда барлық өндірістік процестер, газ өндіру, отандық тұтынушыларға және экспортқа газ жеткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдау және транзиттеу жоспарланған көлемдер аясында жүргізілуде.

Жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен іркіліссіз жұмысты қамтамасыз ету  ұлттық газ операторы үшін басымдық болып табылады.  

«ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің арасында қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да іссапарға шығудың барлық түріне тыйым салынған.

Барлық бұқаралық іс-шаралар өтпейтін болды, бұйрықтарға, қызметтік жазбаларға, шарттарға және өзге де құжаттарға электрондық құжат айналымы жүйесінде қол қою жолымен электрондық құжат айналымына толықтай көшіру жүзеге асырылды.

Компаниялар тобындағы әкімшілік қызметкерлердің 50% астамы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырылды. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің ротация кестесі мен жұмыс күнінің басталуы мен аяқталу уақыты айқындалды.

Офистік және өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау мен өңдеу жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиена шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Өндірісте адам көп жиналатын жерлерде дезинфекциялау, сондай-ақ жұмыскерлердің температурасын өлшеу жүзеге асырылып тұрады.

Компания қызметкерлеріне  ЖРВИ симптомдары біліне бастағанда жұмысқа барудан бас тарту, жедел түрде дәрігерге көрініп, толық сауығып кетенге дейін  сырқаттану қағазын ашуға ұсыныс берілді.

Осындай шаралар ұлттық газ операторының барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында да қабылданды.

2020 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған қызметкерлер анықталған жоқ.


Соңғы жаңалықтар