Жаңалықтар

Галстуксіз кездесу. Тақырыбы: «ҚазТрансГаз бүгін және ертең»

26.08.2021

Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ орталық офисінде жас газшыларға арналған іс-шара өтті.

Кездесу форматы компанияның жас мамандарымен өтіп, «галстуксіз» деген мәртебеге ие болды. Кездесуді «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Павел Ледников «ҚазТрансГаз бүгін және ертең» деген тақырыпта өткізді.

Ұлттық оператордың компаниялар тобындағы осындай іс-шаралар дәстүрге айналып барады. Оларды адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу департаменті ҚазТрансГаз компаниялар тобының Жастар ісі жөніндегі кеңесімен бірлесіп ұйымдастырады.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың әлеуетін ашуға жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді, талантты мамандарды анықтау, жас жұмыскерлердің кәсіби және шығармашылық құзыреттерін арттыру.

«ҚазТрансГаз» АҚ-та жас мамандар үшін кәсіби мамандардың пікірін білу, олардың тәжірибесін, білімін қабылдап алу, маңызды кеңестер алу әрқашан қызықты және өте пайдалы екеніне сенімдіміз.

Бұл жолы кездесудің басты тақырыбы «ҚазТрансГаз»АҚ миссиясы мен даму стратегиясы болды. Компанияның, сондай-ақ жалпы отандық газ саласының негізгі стратегиялық мақсаттары мен даму бағыттарының негізгі қағидаттары егжей-тегжейлі талқыланды.

Павел Ледников осы жылдың маусым айында өткен кеңесте Мемлекет басшысының Ұлттық оператордың алдына қойған газ саласын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ол ресурстық базаны кеңейту, ескірген газ инфрақұрылымын жаңғырту және жаңасын салу, сондай-ақ елді газдандыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыру сияқты бірнеше басты мақсаттарды атап өтті.

Кездесу барысында жас мамандар өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Сұрақтар ауқымы өте кең болды – геологиялық барлаудан, баға белгілеуді реформалаудан бастап, ұлттық компаниядағы тәуекел-менеджментке дейін.

Кездесу соңында қатысушылар қызықты диалог үшін алғыстарын білдіріп, газ саласындағы өндірісте тікелей жұмыс істеу дағдыларын игеру, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби өсуі үшін барлық жағдай жасау және Компания басшылығы тарапынан жоғары қолдау мен сенім көрсету тәжірибесімен мақтанатындарын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша жас мамандар Компанияның республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейде қол жеткізген нәтижелерінен және бүгінгі күні елдің дамуына қосқан үлесінен, сондай-ақ газ саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларынан шабыт, қуатты әсер алды және газ саласын дамытуға өз үлестерін қосуға дайын!


Соңғы жаңалықтар