Жаңалықтар

Газ тасымалдауда экологиялық талаптар сақталады

21.05.2021

«ҚазТрансГаз» компаниялар тобы энергия үнемдеу мен экологиялық талаптарды сақтауға айрықша көңіл бөледі. Бұл туралы компанияның жылдық есебінде айтылды. Қазақ¬станда магистральді және тарату жүйелері арқылы газ тасымалдау процесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселе¬леріне басты назар аударылады. Сала мамандары өнеркәсіптік қауіп¬сіздік деңгейін және өндірістің эко-логиялығын арттыру – бір бүтіннің екі элементі екенін атап өтті.

Компания өндірістік нәтижелерге және экономикалық тиімділікке қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар өндірістік объектілердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі.

Соңғы онжылдық Қазақстанның газ саласы үшін шын мәнінде серпінді болды. Осы кезеңде «Қазақстан–Қытай» және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» жаңа магис¬тральді газ құбырлары салынды, олар елді ішкі тұтынушыларды сенімді газбен жаб¬дық¬тауды, сондай-ақ отандық газды экс¬порттауға және оны Орталық Азияның басқа елдерінен транзиттеуге арналған жаңа бағытты қамтамасыз етті. Газ тасы¬малдау көлемі ұдайы өсіп келе жатқан¬дықтан, бұл компаниялар тобының алдына өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаға әсерді азайту саласында жаңа міндет қойылып отыр. ҚТГ-ның 2020 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есебіне сәйкес компания бұл бағытта алға жылжыды.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Іс жүзінде ҚТГ өз қызметінің басынан бастап өзінің өндірістік объектілерінде газды тасымалдау, сондай-ақ өндіру, сақтау және тарату саласында энергетикалық тиімділікті арттыруға ұмтылады.
Бұл үдерісте газды сақтауға және оны жалпы ұзындығы 19 146 шақырым магис¬тральді газ құбырлары арқылы тікелей тасымалдауға жауап беретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) негізгі рөл атқарады. Олар бойынша газды айдау үшін компанияға орасан зор энергия қажет, сондықтан ИОА-да өндірістің энергия тиімділігін арттыруға қабілетті кез келген техникалық шешімдер белсенді енгізілуде.

Мысалы, «Амангелді Газ» кәсіпорнында және «Ақтау» МГҚБ «Бейнеу» компрес¬сорлық стансасында ИОА-мен реактивті қуатты автоматты түрде өтеу жүйесі іске асырылды, бұл трансформаторларға жүктемені азайтуға және электр энер¬гиясына шығыстарды азайтуға мүмкіндік берді.

Осы мақсатта электр газ турбиналы жетегі бар газ айдау агрегаттарының жұмысы оңтайландырылды, компрес¬сорлық стансалардың жұмыс режимі бойынша электрмен жабдықтау, оның ішінде турбокомпрессорлық цехтардың резервтік қоректенуінің күштік транс¬форматорларын ажырату схемалары жақсарды.
Компрессорлық стансалардың торап¬тары мен агрегаттарына жүктемені ескере отырып, ИОА оларды жоспарлы жөндеуді үнемі жүзеге асырады. Атап айтқанда, өткен жылы «Атырау» МГҚБ «Мақат» КС және «Тайман» КС газ айдау агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан басқа, 2020 жыл ішінде ИОА магистральді газ құбырларының желілік бөлігінде 18 ескірген катодтық электрохимиялық қорғау стансаларын ауыстырды.
Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) тұтынуды азайту үшін ИОА бір жағынан энергия үнемдеу деңгейін арттыруға, ал екінші жағынан жылу сорғыларының жұмысы, күн панельдері мен термоэнергия генераторларын, яғни жаңартылатын энергияны пайдалану есебінен өндірілетін энергияның үлесін арттыруға ұмтылады.

Атап айтқанда, қазір компанияда DLE шығарындыларының төмен деңгейімен жану жүйесі бар газ айдайтын агрегаттар; Waterkotte типті геотермалдық жылу сорғылары; монокристалды күн панель¬дері; термоэлектр генераторлары (Closed cycle vapor turbogenerator) және автономды режимде жұмыс істейтін блоктық жиынтық электр стансалары (Capstone), сондай-ақ энергия ресурстарын есепке алудың ке¬шен¬ді автоматты жүйесі (ЭРЕКАЖ) қолданылады.

Көп жағдайда дәл осы шаралардың арқасында отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) тұтыну көлемі жалпы ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2020 жылы 2019 жылға қарағанда 36,9%-ға аз болды.
Бұдан басқа, өндірістің энергия тиімді¬лігін арттыруға (жаңғыртуға) бағытталған іс-шараларды іске асыру, инновациялық жобаларды енгізу, қызметтің барлық түр¬лерінде энергия үнемдеу әлеуетін барынша іске асыру парниктік газ шығарындыларын және қоршаған ортаға техногендік жүкте-мені азайтуға оң әсер етеді.

Экологияға бағыт

ИОА-да атмосфераға шығарындыларды азайтуға зор көңіл бөлінеді. Олардың көлемін барынша азайту үшін компания бүгінде газ тарату жүйелерін жаңғыртып, ағып кетулерге қарсы күрес жүргізуде және газ айдау стансаларында жаңа техно¬логияларды енгізуде.

Мысалы, ИОА объектілеріне бақылау, диагностика және мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Іс жүзінде мұндай тексеру әртүрлі тәсілдермен, атап айтқанда әуе арқылы тексеру, автомобильді тексеру немесе жаяу жүру арқылы жүргізілуі мүмкін. Ағып кетуді анықтау үшін ИОА метанның қашықтықтан лазерлік детек¬торларын пайдаланады, олар МИ-8 тік¬ұшақ-тарында да, газ құбырларын жерүсті патрульдеуді жүзеге асыратын жол талға¬майтын көліктерінде де орнатылады. Алай¬да бақылаудың барлық осы нұсқаларын біріктіру жоғары нәтиже береді, бұл тіпті кішкене ағып кетуді анықтауға мүмкіндік береді.

Компрессорлық стансалардың жұмысы зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған. «Бейнеу–Бозой–Шымкент» МГҚ өткізу қабілетін кеңейту жобасы аясында «Үстірт», «Арал», «Қорқыт Ата» және «Түркістан» компрессорлық станса¬лары салынды. Жаңа стансалар газ айдау агре-гаттарымен және соңғы буынның қосалқы жабдықтарымен жасақталған.

Titan 130 газ турбиналық қозғалт¬қыштары SoLoNox технологиясымен алдын ала дайындалған нашар қоспаның жану технологиясы бойынша шығарын¬дыларды құрғақ басуға негізделген қорша¬ған ортаның ластануын азайту үшін жабдықталған. Бұл прогрессивті жану жүйесі шығарындыларды едәуір азайтудың ең үнемді және экологиялық таза әдісін ұсынады, өйткені су тұтынылмайды және NOx және CO шығарындыларының төмен деңгейін қамтамасыз ету мақсатында шығарындыларды азайту үшін күрделі қымбат қосымша құрылғыларды пайдалану қажет емес.
Газ құбырларын жөндеу кезінде де ИОА газ құбырының көршілес учаскелеріне қайта жіберу, жөндеу учаскесін кесу және тұтынушылардың газ шығаруы, сондай-ақ магистральді газ құбырлары учаскесіндегі табиғи газдың қысымын төмендету үшін жылжымалы газ айдау агрегаттарын пайдалану есебінен өшіктірілетін газ көлемін азайтуға тырысады.

Қауіпсіздік – бірінші орында

Экология және қауіпсіздік ИОА өндірістік қызметіндегі сөзсіз басымдықтар болып табылады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау депар¬таменті¬нің директоры Сәкен Есенбол¬таевтың айтуынша, компанияда қоршаған ортаны қорғау саласында да, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында да өте жоғары стандарт жұмыс істейді.

«Өздеріңізге белгілі, ТМД мұнай-газ компанияларының экологиялық ашықтық рейтингінде Жабайы табиғат қорының нұсқасы бойынша, біздің компания екінші жыл қатарынан Қазақстанда көшбасшы болып танылды. Бұл расында өте жоғары баға және ИОА осы бағытта әрі қарай дамуға ниетті», – дейді ол.

ИОА-ның үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкес, өз жұмысын құруға халықаралық және отандық стандарттарға негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесі көмектеседі. Қоршаған ортаны қорғау саласында жыл сайын мақсат қоюдың енгізілген тәжірибесімен бірге бұл жүйе осы саладағы кез келген өзгерістердің серпінін бақылауға мүмкіндік береді.

«ИОА үшін негізгі міндеттер – бұл өндірістік қызмет кезінде экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ қызметкерлер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл екі бағыт бір-бірімен тығыз байланысты, олар бір бүтіннің екі элементі. Бұл тұрғыда компания іс-шаралардың тұтас кешенін іске асыра және заманауи технологияларды қолдана отырып, жоспарлы түрде жұмыс істейді. Біздің ешбір апатты оқиғасыз жұмыс істеп, халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары баға алып жатқанымыз – бәрін де дұрыс жасап жатқанымыздың айғағы», – дейді С.Есенболтаев.

Дереккөз.


Соңғы жаңалықтар