Іслямов Сержан Набиұлы

1972 жылы туған, білімі – жоғары. 2005 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «Мұнай-газ кен орындарын өңдеу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірді.

Үйленген, үш баласын тәрбиелейді.

Еңбек қызметі 1990-1998 жылдары аралығында «Тенгиз Мунай нефть» мұнай ұңғымаларын және жабдықты жөндеу бойынша темір шебері лауазымынан басталды.

1999-2003 жылдары аралығында «Сазанкурак» БК АҚ-да (ФИОК) мұнайды құю терминалының операторы, мұнайды өндіру құрылғысының операторы, шебері ретінде жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары аралығында «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС (ФИОК) мұнай және газды өндіру бойынша шебер ретінде жұмыс істеді.

2004-2006 жылдары аралығында «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС (ФИОК) кен орынның басшысының қызметін атқарды.

2006 жылы «Экогеонефтегаз» ЖШС өндіру бойынша жетекші инженер лауазымына қабылданды. 2008 жылы өндіріс бойынша директордың орынбасары лауазымына көшірілді.

2009 жылдан бастап «Тандай Петролеум» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімнің басшысының қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары бас директор лауазымына ие болды.

2012-2015 жылдары Алматы қаласында «РусБурМаш-Казахстан» БК ЖШС бас директорының қызметін атқарды.