Экология

Амангелді газ кен орны Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Талас ауданының солтүстігінде, Тараз қаласынан 190км қашықтықта орналасқан. Аймақтың ауа райы күрт континенттік,  жазы ыстық, ұзақ, қысы суық, қары аз. Амангелді кен орнында ұңғыма  алаңдарына, вахта кентіне, су жинау және тазарту ғимаратына, бұрғылау және құрылыс қоқысын уақытша сақтау алаңына, өрт сөндіру депосі мен әкімшілік блогі орналасқан орталық  газ дайындау қондырғы алаңына  келтірілген ішкі кәсіпшілік жол торабы бар. 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап УПГ-4,38 Газды қайта өндеу қондырғысы пайдалануға берілді, ол алау газды өндіріп, пропан-бутон қоспасын және тауарлық газ алу үшін арналған. Бұл технологияны еңгізуден алынатын экологиялық әсері елеулі, нақтырақ айтқанда:

  • заманға сай қайта өндеу технологияларын еңгізу арқылы газдың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
  • атмосфераға жинақ шығарылуының дүркін төмендеуі арқылы  қоршаған ортаның ахуалының жақсаруы.

Шаруашылық тұрмыстық кәріз жүйесі. Амангелді кен орнында өндірістік қызмет нәтижесінде шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар жүйесі ұйымдастырылған.

 Вахта кентінде ғимараттар мен құрылыстардан  пайдаланған су сыртқы өзіндігінен ағатын кәріз жүйесіне құйылып  КЖЖ (кәріз жиынтық жүйесі) қабылдау құдығына ағып келеді. Сорғы станциясынан 80мм диаметрлі қысым құбыры арқылы қысым құмтұтқышқа, одан кейін ағынды суларды тазарту қондырғысының блогына кетеді.

ГДОҚ-дан (газ дайындайтын орталық қондырғы) шаруа-тұрмысқа пайдаланған сулар жергілікті тазарту құрылысы септикке жиналады.  Жиналған су септиктен вахта кентінде орналасқан тазарту қондырғысына арнайы көлікпен жеткізіледі. Шаруа-тұрмысқа пайдаланған сулардың баратын соңғы жері ол вахта кентінде орналасқан буландырғыш тоған.

Өндірістік кәріз.

Амангелді кен орнында техникалық сулар қабатты сулар, ағынды сулар (ГДОҚ) және су даярлайтын бекеттен шығатын ерітінді ретінде ұсынылған.

Қабатты және ГДОҚ-дан шығатын ағынды сулар құрамында мұнайы бар ағынды суды тазалайтын қондырғыға құйылады, содан кейін тазарған су ортандатқыш резервуарға келеді. Су даярлау кезеңінен кейін ерітінді де ортандатқыш резервуарға келеді, содан сон біріктірілген ағынды сулар буландырғыш тоғанға жіберіледі. Қайта пайдаға асыруға жарайтын қалдықтар арнайы кәсіпорынға жеткізіледі. Бұл металл өндеуден қалған, істен шыққан құрамында сынап бар люминесцент шамдарының, жұмыс істемейтін аккумулятор батареяларының және пайдалынған майлардың қалдықтары.

Серіктестікте 2013-2017ж аралығына өндірістік экологиялық тексеру бағдарламасы тағайындалған. Осы бағдарламаның ішінде Амангелді кен орнының нысандарында қоршаған ортаның мониторингі жүргізіледі, оның мақсаты газ өндірудің қоршаған табиғи ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу, табиғатты қорғау үшін жасалған шараларды бағалау.

Өткізілген қоршаған ортаның өндірістік мониторинг нәтижесінде Амангелді газ кен орнының аймағы мен санитариялық қорғаныс шекарасында 2013ж 1-ші жарты жылдығы ішінде өндірістің техникалық параметрлері белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес, өлшенген көрсеткіштер мен зиянды заттектің шоғырлануы белгіленген нормативтен асқан жоқ. Мониторинг нәтижесінде жиналған мәліметтерге сүйене отырып кәсіпорын қоршаған ортаның ластануына елеулі әсерін тигізбейтінін қорытындылауға болады.

«Амангелді Газ» ЖШС-де халықаралық стандарттар талабына сәйкес 3 менеджмент жүйесі еңгізіліп, пайдалануда: СТ ҚР ИСО 9001-2009, СТ ҚР ИСО 14001-2006 и СТ ҚР OHSAS 18001-2008.