Көктемгі жаңару: газ мамандары сенбілікке шықты
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы жұмыс істейтін барлық өңірлерде дәстүрлі сәуір сенбілігі өтті. Қорғаныс маскаларын киіп және қашықтықты сақтай отырып, еріктілер жеке жұмыс кеңістігін тазартумен және аумақты абаттандырумен айналысты.
Жылдан жылға, әр көктем мен күзде газшылар газбен жабдықтау жүйесінің нысандары мен кәсіпорындарына бекітілген қала аумақтарын тазалауға шығады. Ұжымдық еңбектің бірнеше сағаты ішінде газшылар өндірістік алаңдарда, компрессорлық және газ тарату станцияларының, жер асты газ қоймалары мен кен орындарының айналасында, вахталық кенттерде тазалық орнатты.
Акцияға қатысушылар қоқыс жинап шығарды, жолдар мен тротуарларды сыпырды, ағаштар мен жиектерді ақтады.
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, объектілерді, аумақтар мен көшелерді эстетикалық тұрғыда ұстау – бұл экологиялық салауаттылыққа қосқан үлес. Сенбілікке белсенді қатысқан газ саласының жұмыскерлері бұған нық сеніммен қарайды.
Өткізілген іс-шара шеңберінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың «Ақтау», «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасының (МГҚБ), Нұр-Сұлтан қаласындағы жөндеу-пайдалану учаскесінің және Ақтөбе мен Тараздағы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС филиалдарының, «Амангелді Газ» ЖШС жұмыскерлері аумақты абаттандырды, жас ағаштар мен бұталардың көшеттерін отырғызды.
Бұл күні жалпы тазарту тек көшелерде ғана емес, кеңселерде де жүргізілді, гараждарда және қоймаларда, жөндеу цехтарында тазалық шаралары жүргізілді.
Іс-шараның барлық қатысушыларының пікірінше, бірлескен сенбілік экологияға пайда әкеліп қана қоймайды, бұл әріптестермен өзара қарым-қатынас жасаудың жақсы үлгісі, ұйымшыл команда болудың тағы бір мүмкіндігі.