Кадрлық саясаты
Кадрлық саясаты – ол кадр ресурсын компания стратегиясына сәйкес келтіретін ереже мен қағидалар жүйесі.
«Амангелді» ЖШС-нің кадрлық саясатының мақсаты еңбек ресурстарына салынған инвестицияны келесі жүйе арқылы максималды қайтару:
- қызметкерді Серіктестіктің бизнес-стратегиясында белгіленген мақсаттарға жетуге негіздеу;
- нәтижелерге жету дәрежесін дұрыс бағалау;
- жетістіктері үшін әділ марапаттау және ынталандыру.
Қойылған мақсаттар мен тапсырмалардың орындалуы қызметкерлер құрамын жаңарту және оның саны мен сапасын сақтап қалу процесстерінің теңестігің, Серіктестіктің, қазіргі заңның, еңбек нарығының талаптарына сәйкес кадрлық ресурстың дамуын, ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қамтамасыз етуі керек.
Жүзеге асыру талаптары
«Амангелді Газ» ЖШС-нің кадрлық саясатын жүзеге асыру талаптары келесіде:
- Серіктестіктің талап құрылымын, қызметкерлердің тиімді орналастыруын және нәтижелі пайдалануын ескере отырып, кадрлық ресурсттарды жоспарлау жүйесің дамыту;
- Құрылған іріктеу және қабылдау жүйесі арқылы білікті әрі кәсіби мамандардың келуін қамтамасыз ету;
- Қызметкерлердің кәсіби және өз бетімен оқу деңгейін жоғарлату, Серіктестіктің кадрлық резерв бағдарламасын құру және дамыту;
- Лауазымына лайықтығын әшкерелеу үшін жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді бағалауға жағдай жасау, атқарылған жұмысының сапасына баға беру, оқу және даму мұқтаждықтарын анықтау, қызмет бабымен көтерілуіне ынталандыру үшін жоғары әлеуеті бар қызметкерді айқындау;
- Білікті мамандарды табу, шақыру және алдағы уақытта қызмет атқаруына жағдай жасау;
- Қызметкердің әлеуметтік және құқықтық қорғанысын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау шараларының тиімділігін жоғарлату, қолайлы психологиялық ахуалды сақтау, Серіктестіктің корпоротивтік мәдениетін дамыту.