Жаңалықтар

Орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді.

24.02.2023

 «Qazaq Gaz барлау және өндіру» ЖШС Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттағы жерлерге ауыстыру қағидаларының талаптарына сәйкес, 2023 жылғы «1» наурызда сағат 11:00-де: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылы, Сәкен Сейфуллин, 31 мекенжайы бойынша Мойнқұм ауданы, Ұланбел орманшылығының аумағында орналасқан, көмірсутек шикізатын (газды) барлау және өндіру мақсатында, көлемі 6257,0 га орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге (өнеркәсіп жерлеріне) ауыстыру бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді.

Құжаттар мен материалдармен бірыңғай экологиялық порталда: www.ecoportal.kz, сондай-ақ «Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ және «Qazaq Gaz» ЖШС сайтында: www.qazaqgaz.kz танысуға болады.

 Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда қоғамдық талқылаулар өткізілетін күнге дейін 3 күннен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай және/немесе шектеу іс-шаралары енгізілген жағдайда, қоғамдық талқылаулар онлайн режимде өткізіледі. Сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда: www.ecoportal.kz, «Qazaq Gaz» ЖШС сайтында: www.qazaqgaz.kz. ұсынылады.

 Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, Абай көшесі, 133а мекенжайы бойынша және 8 778 744 48 44, 8 701 537 56 86 телефондар арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар