Коммерческие предложения

САУДА ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТПЕ

20.06.2025

«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2025 жылғы 08 шілдеде cағат 10:00-ден 15:00-ге дейін (Астана қ. уақыты) Серіктестің мүлкін сату бағасын көтерубойынша сату конкурс түрінде электронды сауда өткізілетіндігін хабарлайды, www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлікті тіркеу веб-порталында өтеді.

Мүлікті сату Серіктестіктің Байқау кеңесінің 2024 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№17 хаттама) бекітілген «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС-нің мүлікті өткізу Қағидаларына және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен (№144 хаттама) бекітілген Мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталында мүлікті сатуды өткізу туралы Регламентке (бұдан әрі – Регламент) сәйкес өтеді.

Сауда-саттыққа келесі мүлік қойылады:

№ р/с

Атауы (саны)

Орналасқан жері

Бастапқы баға, теңге

Кепілдік жарна, теңге

1

Құбырлар сорғы-компрессорлық 73мм (салмағы 40 496,52 кг.)

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Амангелді кен орны

3 077 736

461 661

2

Құбырлар сорғы-компрессорлық 60,3мм  (салмағы 1 512 кг.)

114 912

17 237

3

Ысырмалар (салмағы –  2904 кг.)

220 704

33 106

4

Электростанция Тексан (салмағы 2 148 кг.)

163 248

24 488

5

Электростанция КИПОР(салмағы 788 кг.)

59 888

 

8 984

Кепілдік жарналар «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына төленеді: БСН: 050540004455, БИК: HSBKKZKX, ИИК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, КНП 171, Кбе 16: Кепілдік жарнаның электрондық конкурсына қатысу үшін. (кепілдік жарнаның сомасына және банктік қызметтерге төлем енгізілмейді). Банк кепілдігі кепілдік салым ретінде қабылданбайды.

Кепілдік салым «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ шотына уақтылы аударылу мақсатында кепілдік салымды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін 3 күн бұрын аударуға кеңес беріледі.

Тізілім веб-порталында сауда-саттықтарға қатысушыларды тіркеу Тізілім веб-порталында хабарламаның жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және сауда-саттықтар басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттықтарға қатысу үшін Тізілім веб-порталында төмендегілерді көрсетіп алдын-ала тіркелуі қажет:

2) заңды тұлғаларға үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы,бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарналары қайтару үшін екінші деңгейдегі банктерде банктік есепшоттың деректемелерін / реквизиттерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail);

1) жеке тұлғаларға сату көзделмеген.

Саудада жеңіске жеткен қатысушы сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік салымды қайтармайды.

Сауда нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижесін бегілейтін және жеңімпаз бен сатушының міндеттерін сауда бағасы бойынша нысанды сату – сатып алу шартына қол қойған құжат болып табылады.

Жеңімпаз сату-сатып алу туралы шартқа сауда веб-порталда өткен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

Конкурс өткізу талаптары, саудаға қатысушыларды ресімдеу тәртібі, Жеңімпазды анықтау талаптары туралы толық ақпараттармен «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ www.e-qazyna.kz сайтындағы Регламенттен танысуға болады немесе 8 (7172) 55-29-81 («Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ) телефондары арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар