Қызметкерлердің әлеуметтік қолдауы
«Амангелді Газ» ЖШС-нің қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелері акциялар пакеті «Самұрық-Қазына»ҰК меншігіндегі Ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне және басқа заңды тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету саясатына сәйкес әзірленген. 30.04.2009ж «Самұрық-Қазына» ҰК Басқармасының шешімімен бекітілген ережелер тиімді жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасауға, жоғары мамандықты қызметкерлерді шақыру және алдағы уақытта қызмет атқаруына жағдай жасау үшін арналған.
Ережелер «Амангелді Газ» ЖШС-нің штаттық құрамына кіретің қызметкерлердің бәріне таралады.
Материалдық жәрдем қызметкерлерге Серіктестіктің қаржысынан, Ережелерге сәйкес келесі жағдайларда төленеді:
- жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңінде денсаулығын жақсарту үшін;
- сәбиді дүниеге әкелгенде немесе асырап алғанда;
- бірінші рет үйленген кезде;
- сәби бір жасқа толғанға дейін бағып күткенде;
- қызметкердің 50, 60 жасқа толған мерейтойына.