Жаңалықтар

«Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» тармағында жаңа компрессорлық станция жұмысын бастады

30.11.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» тармағында жаңа №1 (КС-1) компрессорлық станциясын  пайдалануға енгізді. Объект Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Көксу кентіне таяу жерде орналасқан және магистральдық газ құбырының жоспарланған 8 станциясының бірі болып табылады.

Инвестициялық жобаны салу мен одан әрі пайдалануды ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ және «Trans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd» компанияларының еншілес кәсіпорны – «Азиялық газ құбыры» ЖШС іске асырды.

Газ инфрақұрылымының жаңа объектісі газ құбырының «С» тармағының өнімділігін арттыруға және жылына 25 млрд. текше метрге дейін газ тасымалдау көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, әрі тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн режимінде үздіксіз тасымалдау процесінің барынша тиімділігін қамтамасыз етеді. 

КС-1 төрт бірдей мемлекетті – Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды байланыстыратын өткізу қабілеттілігі мен ұзындығы бойынша алпауыт «Орталық Азия – Қытай» трансұлттық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады. 

Жаңа компрессорлық станция  жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтармен жасақталған. Оларда «Rolls Royce» компаниясының газ айдаушы  агрегаттары орнатылған. СКС-1-дің жобалық қуаты сағатына 516 мың текше метр газ айдауға арналған.

Пайдаланылған инновациялық жабдық, сондай-ақ қосалқы технологиялар кешені магистральдық газ құбырын пайдаланудың барлық кезеңі ішінде қауіпсіз және технологиялық үздіксіз газ тасымалдауды қамтамасыз ете алады. Перспективада СКС-1 компрессорлық станциясы, егер қажеттілік туындаса, газ транзитінің көлемін ұлғайта алады.  Ол үшін технологиялық параметрлері бойынша салынуы мүмкін «D» желісіне   компрессорлық станцияны  қосымша қосу көзделген.  

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президент Қайрат Шәріпбаевтың пікірінше газ инфрақұрылымының жаңа объектісі Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтеді. «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының кезекті қуатты компрессорлық станциясын іске қосу арқылы қазақстандық газ тасымалдау жүйесін жетілдіруге кезекті қадам жасалды – деді Қайрат Шәріпбаев. – Жалпы, бүгінгі күні, елдің газ саласы іс жүзінде толықтай жаңартылды және қазіргі заманғы ең озық жабдықтармен жасақталған.  Объектіні пайдалануға енгізумен Қазақстан шығыстық газ транзитін екі есеге арттыруға қол жеткізді, бұл ретте, Мемлекет Басшысының 2020 жылға дейін елдің транзиттік әлеуетін дамыту және транзиттік тасымалдауларды екі есе ұлғайту туралы тапсырмасы мерзімінен бұрын жүзеге асырылды».   


Соңғы жаңалықтар