Жаңалықтар

«Амангелді Газ» ЖШС 2018 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарды

01.03.2019

«Амангелді Газ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде Бас директор (Басқарма төрағасы) Еркін Қасеев жұмыс қорытындылары туралы есепті таныстырды және компания қол жеткізген нәтижелер туралы айтып өтті.   

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес кәсіпорыны болып табылатын «Амангелді Газ» ЖШС қолданыстағы келісімшартқа сәйкес Амангелді, Айрақты, Анабай, Жаркұм, Құмырлы, Үшарал-Үшарал Солтүстік, Кемпіртөбе және Бархан-Сұлтанқұдық, Құмырлы-Қосқұдық кен орындары келісімшарттық аумақтары шегінде көмірсутегі шикізатын өндіруді жүзеге асырады.  

Өткен жылы компания Анабай кен орнынан №12 (3 700 м) бағалау ұңғымасын бұрғылауды аяқтады, онда девон көкжиегінен газ ағыны алынды. Сонымен қатар, барлау кезеңін 2021 жылға дейін ұзаруға келісімшартқа қосымшаға қол қойылды.

2018 жылы ресрустық базаны кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылды. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетімен корпоративтік табыс салығын және үстеме пайдаға салықты оңтайландыру, ал ҚР Энергетика министрлігімен 2016 жылға арналған оқыту бойынша берешекті қайта құрылымдау  бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.

Бірінші басшы қызметкерлерді 2019 жлға арналған жоспарлармен таныстырды, оның ішінде: 2020-2022 жылдарға арналған дамыту және кәдеге жарату бағдарламасын әзірлеу, газды қарқындандыру, геологиялық-гидродинамикалық модельді жаңарту және пайдалану ұңғымаларының орналасқан жерлерін нақтылау бойынша жаңа технологияларды енгізу, ұңғымаларды абаттандыру бойынша жұмыстар, Анабай кен орындарында ұңғымаларды сынау бойынша жұмыстардың толық циклін аяқтау.

Есептік кездесуде еңбек талаптарын құру туралы ақпарат ұсынылды. Еркен Қасеев қызметкерлер үшін барынша тартымды жағдайлар жасалғандығын, кен орнының өзінде әкімшілік-тұрмыстық кешенде жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін  атап өтті. «Амангелді Газ» ЖШС Бас директоры түйіндегендей, компанияда еңбек өнімділігінің оң серпіні байқалады. 


Соңғы жаңалықтар