Жаңалықтар

«Амангелді Газ» ЖШС 2019 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды

14.02.2020

«Амангелді Газ» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесу барысында Бас директоры (Басқарма төрағасы) Еркен Қасеев жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді және компания қол жеткізген нәтижелер туралы айтып өтті. Кездесулер өндірістік объектілерде, өндірістік персоналға арналып өткізілді.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы бола отырып, «Амангелді Газ» ЖШС, қолданыстағы Келісімшартқа сәйкес Амангелді, Айрақты, Анабай, Жарқұм, Құмырлы, Ушарал-Ушарал Солтүстік, Кемпіртөбе  кен орындарының және Барханная-Сұлтанкұдық, Құмырлы-Қоскұдық учаскелерінің келісімшарттық аумақтарының шегінде көмірсутек шикізатын барлауды және өндіруді  жүргізуде.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Бас директор негізгі жүргізілген жұмыстарды, оның ішінде газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорының қайта есептеулері бекітіліп, эксплуатациялық ұңғымалар бұрғыланып, бағалау ұңғымасын бұрғылау басталғандығы туралы айтып өтті. Серіктестік қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелері айтылды.

Бас директор құрылған еңбек шарттары туралы ақпаратты жұмыскерлерге жеткізді. Ол бәсекелі сыйақыны, әлеуметтік жеңілдіктер жүйесін қамтитын қызметкерлер үшін барынша тартымды шаттар құрылғандығы туралы айтып өтті. Осының бәрі жоғары білікті мамандарды тарту және ұстап қалу үшін мүмкіндік береді. Сонымен қатар кен орындарының жұмыскерлерінің қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған жұмысты көрсетті, атап айтқанда:

– КРС бригадалары үшін мобильді вагончиктерді жөндеу;

– ескі қиыршық тасты жаңасына ауыстырып, вахталық кенттердің аумағын абаттандыру және көгалдандыру;

– Амангелді кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысының кіре беріс тобына асфальт төсеу.

Бас директор 2019 жылы «Амангелді Газ» ЖШС-нда Серіктестіктің жастар және жастар саясаты жылының аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілді деп атап өтті. Жастар жылына арнайы әзірленген «Жаңа ойлар. Жаңа эмоциялар. Жаңа іс-әрекеттер» атты жас мамандарды оқыту және дамыту модульдік бағдарламасының іске асырылғандығы туралы айтты.

Қасеев Е.З: «Бағдарламада үш оқыту модулі (өнертапқыш міндеттерді шешу теориясы немесе ӨМШТ, жобаларды басқару, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары) және қатысушылар өздерінің жобаларының тұсаукесерін көрсетіп, оларды қорғап шыққан ақтық іс-шаралар көзделген. Жоба аясында                  5 топ құрылып, өндірісте іске асырылуға арналған қызықты жобалар әзірленді.

Барынша экономикалық әсерін көрсеткен жобаларды 2020-2022 жылдарда іске асыру жоспарланып отыр».

Сонымен қатар Бірінші басшы, 2019 жылы алғаш рет «Үздік маман – 2019» атты жұмысшылардың кәсіби шеберлігі конкурсы өткендігі туралы атап өтті. Конкурста екі кәсіп бойынша жұмысшылар қатысты: слесарь – барлық разрядтағы электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жөндеуші мен электромонтер.  

Қасеев Е.З. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша  электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі үздік электромонтер номинациясында  «Татнефть» ЖАҚ мұнай-газ компаниясының оқу-жаттығу полигонындағы жарыстарда 2-ші орын алған электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер Бақыт Баймаханбетовқа алғыс айтты.

Бірінші басшы 2019 жылғы желтоқсанда Нұр-Сұлтан қ. «Парыз-2019»  премиясын тағайындау жөніндегі комиссия қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламасын іске асыру ісіне «Амангелді Газ» ЖШС-ның қосқан үлесі жоғары бағалғанын атап айтты.

Еркен Қасеев жұмыскерлерді 2020 жылға арналып жоспарланған негізгі жұмыстармен таныстырып өтті, оның ішінде газ өндіруді қарқындату бойынша жаңа технологияларды салу және енгізу, өрт автоматикасы жүйесін жаңғырту, автоматтандырылып есепке алу жүйесі конденсатын сақтау бойынша резервуарларды жарақтау, геологиялық-гидродинамикалық модельді жаңарту.

Кездесу соңында басшы жұмыскерлерді мазалап жүрген сұрақтарға толықтай жауап берді.


Соңғы жаңалықтар