Жаңалықтар

«Амангелді Газ» ЖШС бірінші жарты жылдықтағы жұмыстардың есебін берді

04.09.2017

Бас директор (Басқарма төрағасы)  Еркен Касеев «Амангелді Газ» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесуде 2017 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есеп берді және компанияның қол жеткізген нәтижелері туралы айтты.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның  еншілес кәсіпорны ретінде «Амангелді Газ» ЖШС қолданыстағы келісімге сәйкес Амангелді, Айрақты, Анабай, Жарқұм, Құмырлы, Үшарал – Солтүстік Үшарал, Кемпіртөбе кен орындарында және Бархан – Сұлтанқұдық, Құмырлы – Қосқұдық аумақтарында көмірсутегі шикізатын барлау және өндірумен айналысады.

Компания басшысы осы жылы «2017 – 2019 жылдар кезеңіндегі табиғи газды өңдеуді дамыту бағдарламасы» әзірленгендігін атап өтті. Есептік кезеңде 170 млн. м3 газ және 10,7 мың тонна газ конденсаты өндірілді. Газ және газ конденсатын өндіру көлемі бөлігінде өндірістік бағдарламаны орындау 102% және жоспар бойынша 107%, ал өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 106% және тиісінше 104% құрады.

Осы жылы Амангелді кен орнында № 133 пайдалану ұңғымасы орналастырылып, бұрғыланды (тәулігіне 40 мың текше метр дебиттен аса), № 134 пайдалану ұңғымасымен бұрғылау жұмыстары басталды. Айрақты кен орнында № 101 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды, ал ГЖП технологиялық регламенті әзірленді. Жылдың басында басталған Газ жинау пункті мен 2 ұңғымадағы газды жинау жүйесін орналастыру бойынша жұмыстар қазіргі кезде аяқталуға жақындап қалды. Батыс Сұлтанқұдық құрылымында тереңдігі 4500 м дейін №R-1 тәуелсіз бағалау ұңғымасы бұрғыланды және №R-1 ұңғымасы 2 объектіде сыналды. Бұдан басқа, Бархан құрылымында № 1 ұңғымадағы ГТП кейін нижневизейский көкжиегін сынау бойынша жұмыстар жүргізілді,  сұйықтықты газ ағымын алынды.

«Амангелді Газ» ЖШС-ның Бас директоры Еркен Касеев ағымдағы жылдың аяғына дейін орындалатын алдағы жоспарлар туралы әңгімеледі және қызметкерлердің сұрақтарына толық жауап берді.

 


Соңғы жаңалықтар