«Амангелді Газ» ЖШС-де 2017 жылға арналған жұмыс қорытындысы шығарылды
«Амангелді Газ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде бас директор (Басқарма төрағасы) Еркен Касеев жұмыстың нәтижелері туралы есеп берді компанияның жеткен жетістіктері туралы айтты. Өндірістік объектіге барумен әкімшілік-басқарушылық персоналға және өндірістік персоналға арналған кездесулер өткізілді.
«ҚазТрансГаз» АҚ, «Амангелді Газ» ЖШС Ұлттық операторының еншілес кәсіпорыны болып, қолданыстағы Келісімшартқа сәйкес Амангелді, Айрақты, Анабай, Жарқұм, Құмырлы, Үшарал-Солтүстік Үшарал, Кемпіртөбе кен орындарында және Бархан-Сұлтанқұдық, Құмырлы-Қосқұдық учаскелеріндегі келісімшарттық аумағы шегінде барлау жүргізеді және көмірсутегі шикізатын өндіруді жүзеге асырады.
Компания басшысы атап өткендей, 2017 жылы газ және газ конденсатты өндіру бойынша жоспар асыра орындалды, нәтижесінде Серіктестік 343,738 млн. м3 газ және 20 мың тоннадан астам газ конденсатын өндірді. Биылғы жылы өндірістің айтарлықтай көлемін ұлғайтуға мүмкін болды және барлығымыз өндірістің көлемін арттыра отырып, осындай бағытта жалғастыруға ұмтылуымыз керек».
Амангелді кен орнында № 133 және 134 (2017 жылы газ өндіру көлемінің ұлғаюымен + 7,9 млн. м3) 2 жаңа ұңғымалар енгізілді, реактивті қуаттылықтың өтемделу қондырғысы іске қосылды (электр энергиясына жұмсалған шығындар бойынша үнемдеу – 4,5%), «КГДУ-да тоңазытқыш қондырғысының құрылысы» жұмыс жобасы әзірленді, Батыс Сұлтанқұдық құрылымында № R-1 ұңғымасының бағанасында 2 объект сыналды.
Бас директор қызметкерлерге құрылған еңбек жағдайлары туралы ақпарат берді. Ол қызметкерлер үшін ең тартымды жағдайларың, оның ішінде бәсекелі сыйақы, әлеуметтік жеңілдік жүйесі құрылғаның атап өтті. Мұның бәрі жоғары білікті мамандарды тартуға және ұстап қалуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы қызметкерлердің сапалы құрамы мен соңғы 3 жылда қызметкерлердің айналымының төмендеу динамикасы туралы куәландырады.
Еркен Касеев қызметкерлерді 2018 жылға жоспарланған негізгі жұмыстармен таныстырды, оның ішінде КГДУ-да пропан-тоңазытқыш қондырғысын салу, геологиялық және гидродинамикалық модельді құру, көмірсутегішикізат қорларын қайта есептеу (C2 категориясын C1-ге ауыстыру), атқылау арматурасын, өрт сөндіруге арналған резервуарлар мен қысым астында жұмыс істейтін сосудтарды толық диагностикалау. Кездесу соңында жұмысшыларды қызықтыратын сұрақтарға толығымен жауап берді.