Жаңалықтар

«Амангелді Газ» ЖШС өндірістік учаскесінде газ саласы қызметкерлерінің арасында «Үздік маман – 2019» байқауы өтті

13.06.2019

«Амангелді Газ» ЖШС-де 2019 жылы маусым айының 13 күнінде қызметкерлерінің «Үздік маман – 2019» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Бұл Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ ұйымдастырған дәстүрлі жыл сайынғы іс-шара.

«Үздік маман» байқауын өткізу жұмысшы мамандықтарына оқыту және жұмысқа орналастыру үшін жастарды тартуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланған биылғы жылы екі есе өзекті болып отыр, өйткені мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының болашағы бар екенін дәлелдейді деп атап өтеді «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы.

Байқауға екі мамандық бойынша қызметкерлер: слесарь-жөндеуші және электрожабдықты жөндеу бойынша барлық разрядтар электромонтёрлері қатысты. «Үздік маман – 2019» байқауының қатысушылары:

Мәдіжан Жақсылық
Әсемов Ғалымжан Шекербекұлы
Аманқосов Тағылберген Жолдыбайұлы
Досанов Наурызбай Кочербайұлы
Тұрсынбетов Данияр Бейсеналиұлы
Исмағулов Рахматулла Қайрбекұлы
Түсіпов Бақыт Айбасұлы
Джарамбаев Айдар Рысқұлбекұлы
Баймаханбетов Бақыт Әбілқасымұлы
Мұстафин Сағынтай Бөгенбайұлы
Джумабеков Айдархан Талғатбекұлы
Қаирбеков Шаймерден Койшыбайұлы

Байқау нәтижелері бойынша «Үздік электромонтёр-2019» номинациясында I жүлделі орынға Баймаханбетов Бақыт Әбілқасымұлы, «Үздік жөндеу слесарі-2019» номинациясында I жүлделі орынға Тұрсынбетов Данияр Бейсеналиұлы ие болды.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Қосымша ретінде жүлделі орынға ие болғандарға жоғары кәсіби шеберлігі үшін үстеме ақы белгіленетін болады.


Соңғы жаңалықтар