Жаңалықтар

Ардагерлер – басты назарда

11.05.2021

Жеңіс Күні қарсаңында соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесу – бұл «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобындағы игі дәстүр. Газшылардың пікірінше, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні, үйге оралмаған отандастарымызға тағзым етіп еске алатын және бізбен бірге жүрген қарт ардагерлерге Алғыс айту мүмкіндігі ретінде осы күнге дейін басты мерекелердің бірі болып қала бермек.

«ҚазТрансГаз» АҚ-тың бастамашыл топтары барлық өңірлерде бүкіл сақтық шаралары мен карантиндік шараларды сақтай отырып, Ұлттық газ операторынан ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыстап, материалдық көмек көрсетті.

Әр үйде газшыларды үлкен қуанышпен қарсы алып, ардагерлер өткенді еске алып, оларға көңіл бөлгендері үшін алғыс айтты.



Соңғы жаңалықтар