Жаңалықтар

ҚазТрансГаз компаниялар тобы қызметтерінің сапасын арттырудағы жаңа саты

29.12.2016

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ мен еншілес «Амангелді Газ» ЖШС мен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС компаниялары ISO 9001:2008 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», ISO 14001:2004 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Оларды қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық», OHSAS 18001:2007 «Денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі. Талаптар» атты мемлекеттік және халықаралық стандарттардың негізінде бүгінгі күні компаниядағы интеграцияланған менеджмент жүйесіне сәйкестігін растайтын еуропалық үлгідегі сертификат алды.

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында үздіксіз даму мақсатында, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласында, тұтынушылардың сұраныстарын қамтамасыз етуде айтарлықтай нәтиже алуға бағытталған үрдіс жүргізіліп жатыр. Соның арқасында компанияда басқарудың өте тиімді әдістері мен сапа жүйелерінің, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету  принциптері  қолданылады.

Желтоқсан айында өткізілген сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша, «AFNOR» Нормалар жөніндегі Франция қауымдастығы «ҚазТрансГаз» АҚ-на, «Амангелді Газ» ЖШС-на және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-на ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарының сәйкестігіне сертификаттар табыстады.

AFNOR стандарттау жөніндегі францияның мемлекеттік ұйымы және стерификаттау нарығындағы жетекші әлемдік ойыншылардың бірі болып табылады. Барлық негізгі әлемдік экономикалық орталықтарда өкілдіктері бар, олар менеджмент жүйесін сертификаттау және техникалық сараптама саласында қызметтердің бірыңғай жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Олардың сарапшыларымен 60 елде 30 мыңнан астам компаниялар  сертификатталды.

«ҚазТрансГаз» АҚ, «Амангелді Газ» ЖШС және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС алған менеджмент жүйесінің мемлекеттік және халықаралық  сертификаттары көрсетілетін қызметтер нарығында Ұлттық операторға рейтингін барынша көтеруге мүмкіндік береді. Алынған сертификаттар халықаралық деңгейді және «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының беделін және олардың кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығын растайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын, өткізетін және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі

тел:  +7 (7172) -55 23 16


Соңғы жаңалықтар