Жаңалықтар

«Амангельды Газ» ЖШС Шу-Сарысу өндірістік филиалы аумағында оқу дабылын сәтті өткізді

28.07.2022

Оқу дабылы «Амангелді Газ»ЖШС Шу-Сарысу өндірістік филиалы (ШС ПФ) аумағында жүргізілді. Өткен оқу-жаттығулардың басты мақсаты-«Амангелді Газ» ЖШС ШҚ ПФ келісімшарттық аумағында аварияларды жою жөніндегі іс-шараларды орындауға азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметінің, өртке қарсы қызметтің, күзет ұйымының және басқа да аумақтық құралымдардың практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге дайындалу болып табылады. Оқу дабылын өткізу үшін серіктестік пен мердігерлік ұйымдардың 49 қызметкері, сондай-ақ 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Бақылаушы ретінде Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өкілдері шақырылды. Оқу дабылының жоспары бойынша «Амангелді Газ» ЖШС ШС ПФ кәсіпшілік алаңының ішінде Ø219мм технологиялық газ құбырындағы газдың жарылысын жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жамбыл облысы ТЖ Департаменті өкілдерінің бағалауы бойынша оқу мәселелері сапалы және толық көлемде жүргізілді, ал басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері «Амангелді Газ» ЖШС, мердігерлік ұйымдар қызметкерлері сенімді және үйлесімді нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар